Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылына барып, аға буынмен өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы қарияларды Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілектерін жолдады. Облыстың дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғысын да білдірді.
Смирново ауылындағы қарияларға арналған орталықта қарттарға барлық жағдай жасалған. Олар онда уақыттарын босқа өткізбей, спортпен айналысып, концерттер ұйымдастырады. Сурет салып, түрлі бұйымдар да жасайды.
СҚО әкімі қариялар жасаған қолөнер көрмесін тамашалап, орталықтың жұмысымен танысты.