Петропавлда «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білім беруді дамыту» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық ұлан академиясының ұйымдастыруымен С. Мұқанов атындағы облыстық  қазақ сазды-драма театрында «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білім беруді дамыту» тақырыбы бойынша  алтыншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Алқалы бас қосу  Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері өкілдерінің, жоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылық құрамының, ғалымдардың, әскери құрылым офицерлерінің, таяу  шетел докторанттарының, аспиранттар мен магистранттардың қатысуымен өтті. Қазіргі заман кезеңінде  жедел өнер мен тактиканы жетілдіру, дағдарыс жағдайларында қызметтік-жауынгерлік міндеттерді  жедел атқару,  маңызды әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғаудың инновациялық-технологиялық жолдары мен құралдарын енгізу жайы айтылды. Сонымен қатар  жоғары оқу орындарының білім беру үдерісін жаңғырту,   цифрландыруды тездету,  әскери кадрларды даярлау кезінде оларды интеграциялау,  бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік әзірлігін жетілдіру, әскери ұйымдар қызметінің сипатына ғылыми-техникалық дамудың әсері,  халықаралық ынтымақтастық пен алдағы  перспективалар   талқыланды.

Жиынды ашқан  ұлттық академияның бастығы, полковник Артур  Тоқышев   конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен Бүкілармиялық кеңесте  туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау  мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі–Қарулы Күштеріміздің қасиетті парызы екенін ерекше атап өтті. Армияның кәсіби әзірлігіне, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен  жабдықталуына әскери академиялардың, итнституттардың замана талабына бейімделіп,  әлемдік стандарттарға сай келуіне  баса назар аударды.  Бәріміз әскеріміздің әлеуетті  болуын, ұтқырлығын қалаймыз. Бұл орайда, сардарлар мен сарбаздардың  біліктілігі де  айрықша рөл атқарады,–деді Артур Тоқышев.

Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, Қорғаныс министрлігіне қарасты  Ұлттық университет әскери-ғылыми орталығының бастығы, әскери ғылымдар докторы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, Ресей Федерациясының Тара қаласындағы Омбы мемлекеттік  педагогикалық университеті филиалының  директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Людмила Берестовская, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрайымы-ректорының міндетін атқарушы Рената Апергенова игі  тілектерін жолдап, талқыланғалы отырған тақырыптың  маңыздылығына тоқталды.

whatsapp image 2024 03 15 at 14.24.44

М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе  заң институты бастығының  ғылыми мәселелер жөніндегі орынбасары, PhD докторы Ерлан Балымов, Ресейдің  Ұлттық гвардия  әскери институтының профессоры, техника ғылымдарының докторы  Василий Камлюк, С. Нұрмағамбетов атындағы әскери институттың  кафедра меңгерушісі Әлихан Молдағалиев, Беларусь Республикасы әскери академиясының  аға оқытушысы,  әділет майоры Олег Лемишевский, Ұлттық ұлан академиясының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаев, № 6654 әскери бөлімнің командирі Жандос Қасымов, тағы басқалары баяндама жасап,  әскери қызметтің беделі мен жауынгерлік  мәртебесін арттыруға, әскерді пайдалану тиімділігін нығайтуға, озық үлгілерді белсенді қолдануға қатысты  ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz