Сал ауруына шалдыққан баланың еміне қаражат қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Amanat» партиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке 5 жасар Егор Мацконың еміне қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдық Егор Мацкоға ботулинотерапияның арнайы процедурасынан өту үшін 150 мың теңге қажет. Бұл мақсатта жоғары оқу орнында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Баланың диагнозы – сал ауруы, аралас тетрапарез, қояншық ауруы, ми атрофиясы. Енді ол ата-анасымен бірге келесі аптада емдеу процедурасынан өту үшін Омбы қаласының ауруханасына барады. 5 жасар Егорға көмектесу үшін М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Тарих, экономика және құқық» бастауыш партия ұйымы арнайы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, университет қабырғасында азық-түлік пен нан өнімдерін сатуға қойды. Бір күннің ішінде студенттер мен оқытушылар 40 мың теңге жинады.

– Бұл іс-шара «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Бүгін, яғни, 15 наурыз — мейірім мен қайырымдылық күні болып саналады. Жақында Егордың анасы «Болашақ» филиалының қоғамдық қабылдауына көмекке жүгінген болатын. Біз студенттермен бірігіп, көмектесеміз деп шештік. Қаржыны банктің есепшотына аудардық, — деді «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz