Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай бүгін Новопавловка кентіндегі саяжай қауымдастығында орын алды. Саяжай өртеніп, шатыры құлады.
– Оқиға орнына келген өртсөндірушілер отты ауыздықтауға кірісті. Төтенше жағдай кезінде 1968 жылы туған үй иесінің өлі денесі табылды. Қызыл жалын сағат 12:32-де толығымен жойылды, — дейді баспасөз қызметінде.
Өртті сөндіруге 7 адам мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.