Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында су тасқынына дайындықты тексерді. Прибрежное ауылындағы орта мектепте орналасқан эвакуациялау пунктін аралады. Сондай-ақ, Тепличное ауылында инертті материалдарды қаптау барысын, су сору қондырғылары мен құралдардың дайындығын бақылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Өңір басшысы Бескөл ауылында жақын маңдағы аудандар – Есіл, Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл аудандары мен Петропавл қаласы әкімдерінің, жауапты басшылардың қатысуымен қорытынды жиын өткізді.
– Су тасқыны – өте күрделі мәселе. Қазір ауа-райының жылынуы байқалып, қар еруде. Жауапты басшыларға су тасқыны кезеңінде тәуекелдерді барынша азайту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырдым», – деп жазды әлеуметтік желіде СҚО әкімі.