Түркістан қаласында әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында финалға шыққан командалар анықталды. Жергілікті «Қуаныш» клубы жартылай финалда сүрініп, үшінші орынға таласатын болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Финалға алғашқы жолдаманы шығысқазақстандық «Берел» мен талдықорғандық «Жетісу» командалары сарапқа салды. Бұл жұп жартылай финалда үш кездесу өткізді. Шешуші ойында Өскеменнен келген қыздар жеңіске жетті.
Ал жартылай финалдағы шешуші кездесуде қызылжарлық «Қуаныш» пен түркістандық «Тұран» клубтары ойнады. Бұл текетіресте алаң иелері жерлестерімізді 3:1 есебімен қапы қалдырды. Осылайша финалда енді «Берел» мен «Тұран» күш байқасады. Қола жүлденің иегері «Жетісу» мен солтүстікқазақстандық арулар арасында анықталмақ.