Үш күнде — 16 мас жүргізуші

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары 2238 есепке алынған адамды тексерді, бұл ретте шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 12 және отбасылық жанжалқойлар тарапынан 13 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ішімдік ішкені немесе мас күйде қоғамдық орында жүргені үшін полиция қызметкерлері 222 адамды жауапқа тартты. Ювеналды полицейлердің рейдтері жасөспірімдердің түнде жүруінің 81 фактісін анықтады. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 45 фактісі, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 40 жағдайы анықталды.

– «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы ауқымды міндеттерді қамтиды. Қараусыз қалған үйлер, саяжайлар, жалдамалы пәтерлер тексерілді. Жұмыстың ерекше бағыты жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту болды. 3 күн ішінде облыс жолдарында 16 мас жүргізуші тоқтатылды, оның біреуінің есірткі пайдаланғаны белгілі болды. Сонымен қатар 122 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 5 адам — қарсы жолаққа шыққаны үшін, 23 адам — жаяу жүргіншілер өткелінің жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz