Мемлекеттік корпорация қазақстандықтардың Наурыз мейрамын тойлауға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары наурыздың 21-і мен 25-і аралығында жұмыс істемейтінін еске салды.
— Кезекшілер 25 наурызда сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс кестесіне қайтады, — делінген хабарламада.
«Азаматтарға арналған үкімет» орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін, кезекшілер жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін қосты.