Жолдардың 165 учаскесі су астында қалуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста су тасқыны кезінде 165 жол учаскесін су басуы мүмкін. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының базасында арнайы қызмет құрылды. Енді мамандар су тасқыны бола қалған жағдайда зардап шеккен тұрғындарды тасымалдайтын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 6 446,2 шақырымды құрап отыр. Оның 1983-і ауданаралық, ал 4 463,2 шақырымы – облыстық маңызы бар автомобиль жолдары.

Көктемгі су тасқыны кезінде жолдарды су шайып кетпес үшін 19 көпір және 1380 су өткізгіш құбыр орнатылған. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 13 аудан бойынша 26 мекеме жұмылдырылған. Сондай-ақ 26 ақпаннан бастап су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1024 құбыр тазартылды.

– Су тасқынына қарсы қажетті материалдар дайындалуда. Қазіргі уақытта 3900 – қап, 75 тонна – жанар-жағармай, 7 бірлік – мотор сорғылары және құм дайындалды. Сонымен қатар алты ауданға қызмет көрсететін «Петропавл жолдары» ЖШС мен Ақжар ауданына қызмет көрсететін «Көкшетау жолдары» ЖШС қажет болған жағдайда инертті материалдардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ете алады, – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерден Шортыбаев.

Су тасқынына қарсы құрылған облыстық көлік қызметінде 169 техника мен 300 адам жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz