Петропавлда үлкен теннистен облыс чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа 5-17 жас аралығындағы 123 спортшы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс чемпионаты осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Турнирге қаладан бөлек, аудандардан да жеткіншектер қатысты.
– Өңірімізде тенниске қызығып, осы спортпен шұғылданамын дейтін жасөспірімдердің қатары көбейіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз – әлемдік додаларда еліміздің абыройын асқақтататын жас спортшыларды тәрбиелеп шығару, — дейді теннис орталығының директоры Алик Есімов.
Жарыста жеңімпаз атанғандар республикалық сындарда өңір намысын қорғауға мүмкіндік алмақ.