Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Туризм және спорт, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшылары қатысты, делінген Ақорда хабарламасында.
Кеңес барысында Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын орындау үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.
Ерлан Қарин Президенттің Атырауда өткен құрылтайдағы сөзінде мәдени-гуманитарлық және идеологиялық саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық тың тәсілдері айқындалғанын атап өтті.
Сонымен қатар лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу тәсілдері қарастырылды.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды арнайы кешенді жоспарға сәйкес ілгерілету үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыру міндеті жүктелді.