СҚО-да 2 айдың даму қорытындылары шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың жетекшілігімен әкімдіктің отырысы өтіп, онда 2024 жылдың 2 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыста екі айдың ішінде экономикалық өсім 109,3 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 23,5 млрд. теңгені құрап, 3,4%-ға өсті.

Өнеркәсіпте 91,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде көлем 7,3%-ға өсті. Өсуді «ЗИКСТО», «Маслодел»; «Евразиан Милк», «Радуга», «Зеленый Север»; қағаз фабрикасы, «СТ Assembly» и «Петропавловский электротехнический завод» сияқты кәсіпорындар қамтамасыз етті.

Қаңтар-ақпан айларында облысқа 41,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, 32,4%-ға өсті. Құрылыс саласында да орындалған жұмыс көлемі 21,5 пайызға өскен. 11,4 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша даму көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ инвестжобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстап, өңірге инвесторлар тарту жұмыстарын күшейту қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz