Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті «Қызылжар» клубының басшылығымен, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы клуб президенті Григорий Лорияны 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
Облыс әкімінің айтуынша, алдағы маусымда «Қызылжар» клубы ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетуді көздеп отыр. Сондай-ақ негізгі командаға жергілікті футболшыларды тартуға да көңіл болу керек екенін айтты.
– Футболды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Өткен жылы «Қарасай» стадионын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Жылыту және суару жүйесі бар жасанды алаң, жаңа жарық және дыбыс жүйесі орнатылды, — деді СҚО әкімі.
Биыл екінші кезең аясында трибунаны ауыстыру, трибуна астындағы аумақты жаңарту және шатыр орнату жоспарлануда. Ойыншыларды стадионның ортасынан шығару да жасалады. Осылайша, стадион УЕФА талаптарына сай болып, бізде еурокубок матчтарын өткізуге мүмкіндік туады.