Петропавлда БАҚ қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында дәстүрлі спартакиада өтті. Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған жарысқа 7 команда қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Журналистер арасында өткен спорттық сынға 50-ден астам тілші, фотограф пен бейнеоператор қатысуға ниет білдірді. Барлығы жылына бір рет ұйымдастырылатын  жарысқа тыңғылықты әзірленген.  Біркелкі форма киген олар жеңіске қол жеткізу үшін бар күш-жігерлерін салды.

Жарыстың шымылдығын Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы  Ерлан Тоқшылық ашты. Ол тілшілер қауымын  кәсіби мерекелерімен  құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

– Дәстүрлі спартакиада өткен жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен еді.  Оған 6 команда қатысса, биыл 7 топ  5 спорт түрінен мықтыны анықтайды. Жарыста ең көп ұпай жинаған команда жеңіс тұғырына көтеріледі. Баршаңызға сәттілік тілеймін!, – деді Ерлан Бейсенұлы.

Спартакиадада журналистер шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тартудан сынға түсті. Әр спорт түрінде алға суырылып, жүлделі атанғандарға грамоталар мен медальдар табысталды. Осылайша волейболда бірінші орын облыстық ішкі саясат басқармасына бұйырса, екінші орын аудандардан құралған тілшілер командасына берілді. Ал үздік үштікті облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы түйіндеді.

Шағын футболдан өткен жарыс тартысқа толы болды. Өткен жылы спартакиадада жеңіске жеткен «Қызылжар» телеарнасының ұжымы бірінші айналымнан-ақ ұшып кетті. Биыл аладоп додасында аудандардан құралған команда чемпион атанды. Күміс медальдарды ішкі саясат басқармасының мамандары еншіледі. Қола жүлде үшін таласта «Меншікті тілшілер» тобы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенттерінен басым түсті.

Үстел теннисінде облыстық ішкі саясат басқармасы жеңімпаз атанса, екінші орынға «Қызылжар» телеарнасының командасы қол жеткізді. Қола жүлде студенттерге бұйырды. Сондай-ақ шахмат зияткерлік ойынында да жеңіске жету үшін бірәз тер төгуге тура келді. Десе де әдеттегідей бұл сында «Меншікті тілшілер» командасы бәрінен оза шапты. Биыл республикалық арналарға «Солтүстік Қазақстан» газетінің журналистері бәсекелес бола алды. Нәтижесінде облыстық басылымның шахматшылары екінші орынға табан тіреді. Үшінші орын ішкі саясат басқармасы ұжымының қоржынына түсті.

Жалпыкомандалық есепте ішкі саясат басқармасы бірінші орынға жайғасса, екінші орын «Меншікті тілшілер» командасының еншісінде. Ал қаламы қарымды журналистерге ілескен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері үздік үштікті қорытындылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz