Этнопедагогика орталығы ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы №5 орта мектепте этнопедагогика орталығы ашылды. Білім ордасында қазақ тілінен сабақтар, домбыра, ұлттық ойындар үйірмелері өткізілетін болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, этнопедагогика орталығын ашу жобасын іскер әйелдер кеңесі қолға алды.

— Өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, ұлттық құндылықтарға сүйіспеншілік ояту мақсатында орталықты ашуға шешім қабылдадық. Мұнда балалар қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарымен етене таныса алады. Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру – міндетіміз, — дейді кәсіпкер Лейла Сайдашева.

Орталықта 1-11 сыныптарында оқитындар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Кабинет ұлттық нақышта жабдықталған. Оқушыларға интерактивті тақта, ұлттық киімдер беріліп, қажетті жиһаз сатып алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz