Петропавлда насыбай сатқан әйелге айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Насыбай» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізіліп, заңмен тыйым салынған насыбайды сатушылар анықталып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 18 наурыз күні қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары орталық базарда насыбай сатқан 56 жастағы әйелді анықтады.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары сатуға дайындалған 142 ораманы тауып, тәркіледі. Петропавл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Тауарлар мен басқа заттарды заңсыз сату» — 196 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Заң бұзушыға 25 АЕК – 92 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

— Заңмен насыбай, снюс секілді шылым емес темекі өнімдерін заңсыз сатуға, таратуға, елге кіргізуге тыйым салынған. Қазіргі уақытта алдын алу жұмыстары атқарылып жатыр. 18 наурызда басталған «Насыбай» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 наурызға дейін жалғасады, — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Айдын Ақмағанбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz