Түркістанда волейболдан өтіп жатқан ел біріншілігінің плей-офф кезеңінде «Қуаныш» клубы талдықорғандық «Жетісумен» кездесіп, үшінші орын таласта жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өкінішке қарай, жерлестеріміз алтын медальдардан құр қалды. Жартылай финалда «Қуаныш» қыздары түркістандық «Тұранға» жол беріп, үшінші орын үшін таласуға мүмкіндік алды.
Қола медальдарды жерлестеріміз «Жетісумен» сарапқа салды. Үш ойынның қорытындысы бойынша «Қуаныш» клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Шешу кездесуде солтүстікқазақстандық волейболшылардың айы оңынан туды. Осылайша қызылжарлық арулар ел біріншілігінде үшінші орынға табан тіреді.