Солтүстікқазақстандықтар Наурыз мейрамын сән-салтанатымен тойлауда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Петропавлдағы басты алаңында киіз үйлер тігіліп, шағын этноауыл тұрғызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов алаңға жиналған қалың қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жаңа жылда береке мен бірлік, саулық пен молшылық тіледі. Мейрамға орай басты алаңда тақырыптық киіз үйлер тігіліп, тұрғындар мен қонақтар халқымыздың салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы ақпарат алды.

photo1711104238photo1711104071photo1711104070 2photo1711104070 1

Өңір басшысы қазақ тілі мен қол өнерге арналған киіз үйлерде болды. Ерекше балалар да өздерінің өнерін көрсетті. Өңірімізге қоныс аударған азаматтар жасаған этноауылда қазақ халқының өмір сүру салты паш етілді. Мерекелік концерт пен ұлттық спорттық ойындар да Наурыздың көркіне айналды.

Бүгін алаң адамдарға лық толы болды, бұл Наурыздың жалпыұлттық мереке екенінің тағы бір дәлелі, бірлік пен ынтымақтың көрінісі, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz