Өңір басшысы солтүстікқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерімізді Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында солтүстікқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
— Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы, ізгілік пен жақсылықтың мейрамы, біздің халқымыз үшін жаңару кезеңі болып саналған.Құрылтайда Мемлекет басшысы Наурыздың маңыздылығын ерекше атап өтті. Биыл ұлттық мереке ерекше форматта тойланды. Наурызнама онкүндігі аясында көптеген шаралар өткізілді. Оның барлығы халқымыздың болмысын, мәдениетін, және салт-дәстүрлерін сақтауға бағытталған.
Жаңа жылымыз жақсылық әкелсін. Әр отбасыға береке мен молшылық, қуаныш пен бақыт тілеймін. Облысымыз бен еліміз өркендеп, дами берсін.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! — деп жазды СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz