«Қызылжар» футбол клубының президенті Николай Панин болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгін жергілікті футбол командасының мүшелеріне жаңа президент таныстырылды. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Николай Паниннің жасы 65-те. Бұған дейін ол «Оқжетпес», «Тобыл» сияқты командаларда жұмыс істеген. Ал 2021 жылы маусымның үздік топ-менеджері болып танылды.
65 жастағы Николай Панин «Тобыл» ФК директоры қызметінен үш рет кетіп, үш рет қайта тағайындалған.