Алимент төлемеген 2 борышкердің бас бостандығы шектелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгінгі таңда алимент өндіріп алу туралы 7902 атқарушылық іс атқарылуда, оның 4142-сі борышкердің жалақысынан және өзге де табысынан ұсталынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әділет департаментінің мәліметінше, борышкерлерді іздестіруге байланысты 55 өндірістік іс тоқтатылды. 192 атқарушылық іс жүргізу бойынша 3 айдан астам берешек 70 млн. теңгеден асады. 160 өндіріс бойынша берешек мүлдем өтелмеген, қарыз 168 млн.теңгеге жуық.

– Сот шешімін орындамағаны үшін жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуі негізінде атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Мәселен, биыл екі айда борышкерлерге тиесілі автокөлікті бұғаттау арқылы алимент өндіріп алу туралы 3 қаулы жіберілді. Көлік құралын басқаруға бұрын берілген арнайы құқықтың қолданылуын тоқтата тұру бойынша 8 сот актісі шығарылды. Сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкерге әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану қарастырылған, — делінген хабарламада.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 669-бабы негізінде 11 борышкер әкімшілік қамауға алынып, 13 борышкерге әкімшілік айыппұл салынды. Қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 12 ұсыныс жолданып, 2 борышкер бас бостандығын шектеу түрінде 1 жылға жазаланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz