Павлодар қаласында волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында финалға шыққан екінші клуб анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» «Есіл» (СҚО) командасымен екінші жартылай финалдық кездесуін сәтті өткізді. Кеше солтүстікқазақстандықтарды 3:1 есебімен тізе бүктірген Игорь Никольченконың шәкірттері бүгінгі ойында да жанкүйерлер сенімін ақтай білді.
Максим Мищенко, Асқар Серік, Нияз Нұрғазин, Илья Морозов сияқты волейболшылар командасын алға жетелеп, 3:1 (25:18, 22:25, 25:16, 25:19) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, тұрақты чемпионатта көш басын ешкімге бермеген «Павлодар» мен «Тараз» алтын үшін таласады.
«Есіл» мен «Атырау» қола жүлдені сарапқа салады. Бәсекелер екі жеңіске дейін жалғасады.