Петропавлда «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған «Қоғамдық коммуникацияның заманауи әдістері: құқықтық аспектілер, партиялық жобалар және SMM» атты семинар-тренинг өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екі күндік семинарда депутаттар үшін әлеуметтік желілер мен интернет арқылы халықпен қарым-қатынас жасау, түрлі әлеуметтік желіде парақшаны жүргізу, сондай-ақ әртүрлі платформаларда посттарды ресімдеу, материалды неғұрлым түсінікті, ыңғайлы түрде беру бойынша практикалық кеңестер айтылады.
Арнайы дәрістерді «ТuraNews» ақпараттық-аналитикалық порталының бас редакторы Алмас Тоқабаев, «Kozildirik Media Group» креативті PR-агенттігінің басшысы Ерлан Мүсіпов, «Basnews.kz» ақпараттық-аналитикалық порталының бас редакторы Рамазан Дәулетбаев жүргізуде.