Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тізілім келесі мемлекеттік қызметтермен толықтырылған:

  • Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу.
  • Кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның шотына алынған мүлікке билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру.
  • Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.
Бұл мемлекеттік қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсетеді. Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz