СҚО-да 9 ірі қарадан бруцеллез анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың бес ауданында 9 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Ауру малдар сою алаңына жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бруцеллезді жұқтырған малдың дені –Қызылжар ауданында, Айыртау, Аққайың, Ақжар және Тимирязев аудандарында бір-бір фактіден анықталды.

– Жұқпалы ауру Тимирязев ауданындағы Докучаево елді мекеніндегі орналасқан «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Айыртау ауданына қарасты Шалқар ауылындағы «Юлия» шаруа қожалығында тіркелді. Бруцеллезге шалдыққан мал тұрғындардың жеке қора-қопсаларында да анықталды, – дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Әзірге ауру анықталған аудандарда шектеу шаралары енгізілген жоқ. Шешімді ауылдық округ әкімі қабылдайды.

– Өткен жылдың шілде айынан бастап бруцеллезге байланысты Аққайың ауданына қарасты Ленинское елді мекенінде шектеу шаралары алынған жоқ. Қазіргі уақытта бұл ауылда республикалық эпизотикалық жасақ мамандары әр 15-20 күн ішінде ірі қарадан сынама алып жатыр. Егер сынама екі мәрте теріс нәтиже көрсетсе ғана шектеулер алынады, – дейді Қайырлы Қазанов.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, көктемгі жоспарлы профилактикалық шаралар аясында 177 431 малдан қан сынамасы алынды. Оның ішінде – 76049-ы ірі қара, 100803-і ұсақ мал басы, 450-і шошқа, 103-і жылқы және 26-сы ит.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы дәл осы мерзім ішінде бруцеллезге 44 ірі қара шалдықса, жыл басынан бері қауіпті кесел 272 малда анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz