СҚО-да колоректальды обырға шалдыққандардың қатары артуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде бір мыңнан астам адам колоректальды обырмен диспансерлік есепте тұр. Өткен екі айда қатерлі ісік жаңадан 27 адамда анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеті адамға көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы онкологиялық орталық емханасының мәліметінше, колоректальды қатерлі ісік — бұл тоқ және тік ішектің әртүрлі бөліктерінің қатерлі ісігі туралы жалпы түсінік. Онкологиялық аурулардың ішінде бұл патология жайында ақпарат аз тараған, салдарынан сырқаттар арасында дерт жайында түрлі алып-қашпа әңгіме көп, бұл олардың қорқынышын еселей түседі. Бірақ қазір ерте диагностиканың заманауи мүмкіндіктері нәтижесінде қатерлі ісік ауруын 95 пайыз жағдайда емдеуге болады.

— Колоректальды қатерлі ісіктің пайда болуына ішектің қабыну аурулары — ойық жаралы колит, Крон ауруы әсер етуі мүмкін.  Ішектің қабыну ауруы басталғаннан кейін шамамен 8-10 жылдан кейін ол обырға ұласады. Колоректальды қатерлі ісік 40 жасқа дейін сирек кездеседі, бірақ әр онжылдықта қауіп арта түседі. Жалпы сырқаттардың басым бөлігі — 60-75 жастағылар.  Онкологиялық аурудың дамуына әсер ететін фактордың бірі — майлы тағамды көп тұтыну, рационда көкөністер мен жемістердің аз болуы. Семіздік те колоректальды қатерлі ісік ауруының даму қаупін шамамен 1,5 есе арттырады. Алкогольді шамадан тыс тұтыну және темекі шегу де обырға әкелуі мүмкін, — дейді онколог дәрігер Вячеслав Белов.

Маманның сөзінше, колоректальды қатерлі ісікті скрининг арқылы ерте сатысында анықтауға болады. Скринингтік диагностика негізінен ауруы мүмкін, яғни қатер тобына жататындарға немесе аурудың нақты белгілері жоқ сырқаттарға жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz