Петропавл көшелерінен 1 млн. текше қар шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала көшелерінен 1 млн. текше қар шығарылды. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттарының кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, қар шығару жұмыстарына 150-ге жуық техника жұмылдырылған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олег Гавриловтың айтуынша, облыс орталығының көшелерін қардан тазарту жұмыстарына бірнеше коммуналдық кәсіпорын білек сыбана кірісіп кеткен. Олар – «Благоустройство Север» және «Грандо» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Бұл жұмыстарға жауапты мердігер компаниялар Береке, Ойқала, Зайсан, Жас өркен, Былғары зауыты шағынаудандары мен Заречный кенттерінде жұмыс істеп жатыр.

– Бүгінгі күні Солнечный-2 шағынауданындағы көшелердің қары шығарылды. Ақпанның 1-нен бастап, кәріз желілері тазартылып жатыр. Бүгінгі күні бұл жұмыстардың 85 пайызы аяқталды, – дейді Олег Гаврилов.

Жиында «Amanat» партиясы фракциясының өкілдеріне «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасына енгізілетін тұжырымдамалық өзгерістер туралы айтылды. Естеріңізге салсақ, депутаттар заң жобасын екі мәрте талқылап, өз ұсыныстарын құжатқа енгізген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz