Жазғы Олимпиадада ел намысын велошабандоз Алексей Луценко қорғайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Төрткүл әлем көз тігетін жазғы Олимпиада ойындары Францияның Париж қаласында өтетіні белгілі. Бүгінгі таңда спорттағы басты бәсекенің додасына ұлттық құрама спортшыларының ешісінде 31 лицензия бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Париж Олимпиадасына 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатыспақ. Аламан тартыс шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і күндері аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде 32 түрінен 329 меадль жиындығы сарапқа салынады. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 11 түрінен 31 жолдама бар. Оның екеуі – солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценконың еншісінде. Өкінішке қарай, жақында әйелдер боксында өнер көрсететін Наталья Богданова қажетті лицензияға қол жеткізе алмады.

– Алексей Луценко Олимпиадада жекелей сында және топтық веложарыста бағын сынайды. Өзге спорт түрлерінен де өңір намысын қорғауға үмітті спортшылар бар. Олар Азия және рейтингтік турнирлерде лицензия үшін таласады, — дейді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz