СҚО мектептеріндегі сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста  қатты аязға байланысты сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде 30 градус аяз болып тұр. 0-11 сынып оқушылары бүгін үйде қалып, сабақты онлайн өткізеді.

Синоптиктердің болжамынша, қатты аяз бірнеше тәулікке созылады. “Қазгидромет” РМҚ бөлімшесінің ақпараты бойынша, бүгін, 7 желтоқсанда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз 27-32 градус аяз болып, ары қарай төмендей береді.

Ертең, 8 желтоқсанда, күн ашық болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Термометр бағаны түнде 33-38 градусқа, солтүстігінде минус 41 градусқа дейін төмендейді, күндіз минус 28-33 аралығында болады.

Жұма, 9 желтоқсанда облыстың солтүстік өңірлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде ауа температурасы 33-38 градус аяз, солтүстігінде минус 41, күндіз 26-31 градус аяз болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz