Жыл басынан бері облыста қызылша жұқтырудың 226 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жұқпалы дертті жұқтырғандардың дені – қызылшаға қарсы екпе алмағандар.
– Науқастардың дені Петропавл тұрғындары екенін атап өткен жөн. Облыс орталығында қызылшаны 148 адам жұқтырды. 26 дерек – Аққайың, 9-ы Есіл және Уәлиханов, 14-і Қызылжар, 6-уы Тайынша, 3-уі Айыртауда, Мамлют, Жамбыл, Ақжар, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда 2 фактіден анықталды. Сондай-ақ бір дерек Тимирязев ауданында тіркелді, — дейді баспасөз қызметі.