Биыл облыста майлы дақылдар, жасымық, қарақұмық және картоптың егістік алқабы ұлғаяды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл өңірдегі жалпы егістік алқабы 4,5 млн. гектарды құрамақ. Оның 3,4 млн. гектарына дәнді дақылдар, жемшөп 379 мың гектарға, көкөністер 5 мың гектарға егіледі.
Сондай-ақ облыста майлы дақылдар алқабының ауданы 686-дан 751 мың гектарға дейін, жасымық 115,3-тен 134,8 мың гектарға дейін, қарақұмық 24-тен 26 мың гектарға дейін, картоп 6-дан 7,7 мың гектарға дейін ұлғайтылмақшы.
– Ауыл шаруашылығы құрылымдары толық көлемде тұқыммен қамтамасыз етілген. Ол 484,5 мың тоннаны құрап отыр. Сондай-ақ биылғы көктемгі егіс жұмыстарына арзандатылған дизель отынының 53,2 мың тоннасы қарастырылған. Науқан кезінде 14 мыңнан астам техника пайдаланылады, — дейді басқарма басшысы Мейрам Меңдібаев.
Жыл басынан бері аграрийлер 8,5 млрд. теңгеге 262 техника мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.