ҚР Премьер-Министрі: «Азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі назарда болуы қажет»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына барып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық өндірісті одан әрі ұлғайту әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қызылжар Сүт» ЖШС заманауи сүт кешенінде Олжас Бектенов «ақылды ферма» жұмысының технологиялық процесін қарап шықты. Кәсіпорында малға жем-шөп беру мен күтім жасаудан бастап сүт алу және өңдеуге дейінгі барлық процесс толығымен автоматтандырылған. Үш жыл ішінде мал басы 2 еседен астам өсті (2020 жылы 720 сиырдан 2023 жылы 1502 басқа дейін). Өткен жылдың қорытындысы бойынша сүт кешені 6 мың тоннадан астам сүт өндірді.

Үкімет басшысына осы жобаны іске асыру аясында СҚО-да барлығы 18 сүт фермасының құрылысы жалғасып жатқаны баяндалды, оларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді. Фермаларды іске қосу өңірде сүт өндіру көлемін жылына 690 мың тоннаға дейін, ал дайын сүт өнімдерін өндіру көлемін 215 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Алдын ала деректер бойынша бұл республикадағы барлық көлемнің 25%-ын құрайды.

Келесі нысан сүтті қайта өңдеу саласындағы отандық жетекші кәсіпорындардың бірі – «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС болды. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Өткен жылы 104,8 мың тонна дайын сүт өнімі немесе еліміздегі жалпы көлемнің 11,5%-ы өндірілді. Сапар барысында дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және экспорттау көлемін одан әрі арттыру әлеуеті зор екені атап өтілді. Үкімет өз тарапынан өңдеуге тапсырылған шикі сүт үшін, ал сүт өңдеу кәсіпорындарына өндірілген сары май мен ірімшік үшін субсидиялар беру арқылы дамуға жәрдемдесуде.

«AVAGRО» ЖШС кәсіпорнында Премьер-Министр ауыл шаруашылығы техникасын шығару процесімен танысты, бұл әсіресе көктемгі егіс жұмыстарының басталуы қарсаңында өзекті. Еске сала кетейік, сейсенбі, 26 наурызда, Үкімет отырысында Олжас Бектенов қазақстандық егіншілер қолданатын техниканың тозығы жеткені туралы мәселе көтерді. Қазір бұл көрсеткіш 75%-дан асады. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуда диқандарға қолдау көрсету туралы тапсырмалар берілді.

Ауыл шаруашылығы техникасының отандық өндірушісі «AVAGRO» ЖШС қазақстандық нарықта 27 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында тіркемелер, өздігінен жүретін бүріккіш техника, сыйымдылықтар, тасымалдау блоктары және т.б. өнімдердің кең желісін өндіру жолға қойылған. Саладағы өндіріс көлемі 5 жыл ішінде заттай мәнде 304%-ға, 2019 жылы 4,2 мыңнан 2023 жылы 17,2 мың бірлікке дейін өсті. Бұл ретте жергілікті қамту үлесі 70%-ға дейін жеткізілді.

apk 3Кәсіпорын өнімдерін көріп шыққан Премьер-Министр салалық министрліктерге аталған жұмыстарды жеделдетуді, яғни техниканы жаңартуды қажет ететін егіншілерді отандық өндірушімен байланыстыруды тапсырды. Оған қоса министрліктер, әкімдіктер және «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге арнайы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға жәрдемдесуге тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қарсы міндеттемелерді қолдана отырып, тек қана отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне 450 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

— Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешумен мықтап айналысу қажет. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында АӨК өнімінің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, терең өңдеуді дамыту қажеттігін атап өтті. Табысты отандық бизнес – бұл, ең алдымен, сөрелердегі қазақстандық өнімдер және жұмыс орындары. Бүгінде ішкі нарықта импортталған сүт өнімдері бар. Алайда біздің зауыттар қажетті нәрсенің бәрін өздері өндіре алады, бұл үшін мүмкіндіктер бар, — деді Олжас Бектенов.

Қазіргі уақытта Үкімет қосымша Тамақ және қайта өңдеу саласын қолдау шараларының кешенді жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыру бөлігінде мемлекеттік қолдау шаралары қайта қаралатын болады.

АӨК объектілерін аралау кезінде Премьер-Министрге көктемгі егіс жұмыстары, атап айтқанда, пайдасы жоғары майлы және жем-шөп алқаптарын ұлғайтуға баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін әртараптандыру туралы баяндалды. Сондай-ақ өңір суармалы егіншілікте су үнемдеу технологияларын қолдануды кезең-кезеңмен ұлғайтуды, мұндай алқаптарды 2028 жылы 17,9 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz