Кувейт инвестициялық қоры Қазақстанда астық өңдеу жобасын қаржыландырмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Кувейт инвестициялық қоры Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іскерлік алқасы аясында Қазақстанда астық өңдеу жобасын қаржыландырмақшы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Мал шаруашылығында, астық өсіру саласында, көкөніс тақырыбында жобалар бар. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында түрлі мемлекеттердің түрлі инвесторларымен байланыс бар. Ол жобалардың бір бөлігі астық өңдеумен байланысты. Бұл жобаларға АӨСШК-ге кіретін елдердің бәрі қатысып жатыр деуге болады. Тіпті бақылаушы елдер де атсалысып жатыр. Мысалы, Кувейт қоры (Кувейт инвестициялы қоры – ред.), кувейт бизнесі қарастырып жатқан бірнеше ірі, салмақты жоба бар. Мысалы, астық өңдеумен байланысты жоба бар. Кувейт қоры 1,5-2 млрд доллардай болатын инвестицияны қарап жатыр.

Бірінші қадам жасалды – Ақмола облысында жер бөлінді. Әзірге бизнес жобаны атамауды өтініп отыр. Әйтпесе қазірдің өзінде іске асып жатыр. Өйткені белгілі бір техникалық нәзік мәселелер, коммерциялық құпия мәселесі бар. Жалпы жобалардың көбі іске асыру сатысында, — деді «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов АӨСШК бизнес форумында.

Сондай-ақ, ол бизнес форум аясында қазір қолға алынған жобалар пысықталатынын, басты қорытынды да осы жобалармен байланысты екенін айтты. Ал кейбір жобалардың құны жоғары болғандықтан АӨСШК аясымен ғана шектелмейтінін ескертті.

— АӨСШК іскерлік алқасының аясындағы нақты жобалардың құны 100 млн доллардан сәл артық. Бұлардың бәрі шынайы жобалар екенін айтқым келеді. Әрине, біз 1 млрд доллар көлемінде болса деп жоспарлағанбыз. Бірақ нақты іс жүзінде талқыланып, іске асырыла бастаған жобалардың құны 100 млн доллардан сәл асады, — деді Райымбек Баталов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz