Мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы қадағалауды күшейтіп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатаңдату бойынша шараларды қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан облыста мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд. теңгеге 11 заңсыз конкурстың күші жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның алтауы мемлекеттік қызметтің беделін түсірген, 3 қызметкер жұмыстан босатылып, үшеуіне қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды.

– Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұза отырып, орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені үшін, іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 6,7 млн. теңге көлемінде төлем жасаған. Сондай-ақ Тимирязев ауылдық округі әкімінің м.а. балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 млн. теңге сомасында қаражат төлеген. Осындай заң бұзушылықтарға Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де жол бергені анықталды. Осылайша алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстары орындалмағанымен 1,3 миллион теңге төленді. Қадағалау органының актілері және СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсыныстары бойынша жұмыстан босату түрінде тәртіптік шаралар қабылданды, — делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар қаржылық бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz