Ел азаматтарына 128,2 млрд. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметтерінде жазылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

5,5 млн. құқық бұзушыға 128,2 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд. теңгесі өндірілді.

Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн. айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд. теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% құрады.

Ең көп айыппұл салынғандар:

Алматыда – 16,8 млрд. теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық, 12,7 млрд. теңге төленді.

Астанада – 12,7 млрд. теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 млрд. теңге төленді.

Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд. теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд. теңгесі төленген.

Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған.

Ішкі істер органдары 5,3 млн. құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд. теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд. теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 38,1 млрд. теңге сомасына 3,4 млн. астам ұйғарым шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz