Шағалалы өзенінің деңгейі бір тәулікте 1,5 метрге көтерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында кешеден бері шағын өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр. Десек те, әлі қауіпті деңгейге жете қойған жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өңірдегі шағын өзендердің су деңгейі бір тәулікте 2-9 см аралығында көтерілген.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағынан өтетін Ақанбұрлық өзені Ковыльное елді мекені маңында 8 см-ге, Рузаевка ауылының маңында Шарық өзенінің деңгейі 9 см-ге, Мұқыр ауылының маңындағы Мұқыр өзені 8 см-ге көтерілген. Айыртау ауданындағы Гусаковка елді мекенінде Бабықбұрлық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 9 см-ге артқан.

Ал, Аққайың ауданы Северное елді мекенінің маңынан өтетін Шағалалы өзенінің су деңгейі бірден 151 см-ге көтеріліп отыр. Десек те қауіпті деңгейге жету үшін әлі 130 см керек.

СҚО-дағы негізгі су артериясы – Есіл өзенінде жағдай әзірге тұрақты. Сергеев және Петропавл су қоймаларында су деңгейі небары 3 см-ге көтерілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz