Есіл өзенінің суы бір тәулікте 5 метрге көтерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында күннің жылынуымен қар қарқынды еріп, өзендердің суы қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілу қаупі бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Сергеев су қоймасының су деңгейі 75 см-ге көтеріліп, бөген 107%-ға толды. Кешеден бері суы ернеуінен асып, төгіліп жатыр.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінің суы бір тәулікте 492 см-ге көтерілді. Мұндағы қауіпті деңгей – 1 800 см, қазір 1 202 см-ге жетті. Крещенка елді мекені маңында орналасқан гидрологиялық бекетте мамандар су деңгейінің 194 см-ге өзгергенін анықтады.

Есіл ауданының Покровка елді мекенінің маңында 67 см-ге, Қызылжар ауданының Новоникольское елді мекенінің жанында Есіл өзені 36 см-ге көтерілген.

Шағын өзендердің де су деңгейі біршама артқан: Ақанбұрлық өзені Возвышенка ауылының маңында – 172 см-ге, Ковыльное елді мекенінің маңында 132 см-ге, Рузаевка елді мекенінің маңында Шарық өзені 145 см-ге, Гусаковка ауылының маңында Бабықбұрлық өзенінің су деңгейі 129 см-ге көтерілді. Десек те, қауіпті деңгейге әлі жете қойған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz