СҚО әкімі тікұшақпен су басу қаупі бар аудандарды аралап көрді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздағы су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен аралап көрді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында қар әлі көп болғандықтан, су басу қаупі сақталуда. Бұл аудандарда қар еруінің белсенді фазасы әлі басталған жоқ. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін.

photo1711894087photo1711894087 1

Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында да жағдай күрделі. Астана мен Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келеді деп күтілуде.

 

— Қазір барлық ресурстар жұмылдырылды, күштер мен құралдар тобы құрылды, техника дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау пункттері құрылды. Инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай және жүзу құралдары дайындалды. Жағдай менің жеке бақылауымда, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz