Су тасқыны болған аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Қашықтан оқыту су тасқыны қаупі сейілмеген аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункттер ретінде айқындалған 32 мектепте ұйымдастырылып отыр.

— Бүгіннен бастап 3 млн-нан астам қазақстандық оқушы үшін 2023-2024 оқу жылының төртінші тоқсаны басталады. Бұл ретте су тасқыны жағдайы сақталған өңірлердегі оқушылар қашықтан оқуға көшіріледі. Жергілікті жерлерде Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері мен өңірлік білім басқармалары жұмыс жасауда. Эвакуациялық бекеттердегі балаларға қажетті көмек көрсету үшін психологиялық қызметтер іске қосылды. Балалар қашықтан оқу үшін қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған 1-4 сынып оқушыларын тамақтанумен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады. Сондай-ақ тәуекелдерді азайту және төтенше жағдайда білім беру процесін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледждер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz