118
Наурыздың 30-ы күні 34 жастағы қала тұрғыны «Audi» маркілі көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, оқиға орнында 43 жастағы келіншек алған жарақаттарынан көз жұмды. Ал оны көлігімен қағып кеткен жүргізушіні полицейлер құрықтады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы нақтыланғасын, заңды шешім шығарылатын болады.