СҚО-да 10-нан астам заңсыз қоқыс полигоны анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Прокурорлар облыс аумағында 10-нан астам заңсыз қоқыс полигонын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандарында орналасқан. Бүгіндері жауапты лауазымды тұлғалар анықталған. Олар ҚР Экологиялық кодексінің 365-бабының 4-тармағына сәйкес, облыста коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын және аудан әкімдіктері кодекс талаптарына қайшы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша халыққа арналған тарифтерді әлі бекітпеген.

– Кодекс талаптарын бұза отырып, уәкілетті орган коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормаларын есептеу қағидаларын қабылдамаған, ал әкімдіктердің жауапты тұлғалары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жұмыстарын ұйымдастырмаған. Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандарында рұқсат етілмеген 10-нан астам қоқыс полигоны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыс әкімдігімен коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормалары, тарифтер мен бағдарламаларды әзірлеу бойынша жол картасы бекітілді, – делінген облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Анықталған заңсыз қоқыс полигондары жойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz