Шағалалы өзені тасуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданы Ақмола облысының Зеренді ауданынан келетін еріген қар суы ағынына дайындалуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, еріген қар суы Шағалалы өзеніне құйылып, жақын арада су Тайынша қаласына жетіп, салдарынан бірнеше үй су тасқынының зардабын сезінуі мүмкін.

– Қазіргі уақытта Тайынша қаласындағы Күншығыс көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары мен малын уақытша көшіру бойынша іс-шараларды қабылдау жоспарланып отыр. Су 60 аулаға кіруі мүмкін. Жергілікті атқарушы билік өкілдері халықты аудан орталығындағы № 5 орта мектеп пен агробизнес колледжінің жатақханасына орналастырмақ. Адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру үшін төрт техника жұмылдырылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын көшіретін орындар да қарастырылған. Елді мекенді су тасқынынан қорғау үшін Чаглинка өзенінің бойында ұзындығы 6 шақырым, биіктігі 1 метр болатын қоршау салынды. Инертті материалдардың 600 қабы дайындалды, — деп хабарлайды СҚО ТЖД мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz