Аудандық мәслихаттарға депутаттар сайланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың 4 ауданында мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына жаңа халық қалаулылары сайланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси науқан наурыздың 31-і күні Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы және Тайынша аудандарында өтті.

Айыртау ауданында бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1782 азамат енгізіліп, дауыс беруге – 1165 азамат қатысты. Үш үміткердің ішінен № 9 сайлау округі бойынша 953 дауыс жинаған Данияр Бестаев аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

Ал Ақжар ауданында 579 сайлаушы қатысып, № 4 сайлау округі бойынша Сәуле Ахметова аудандық мәслихатқа депутат болып таңдалды.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлау қорытындысы бойынша № 4 сайлау округі атынан жергілікті мәслихатқа Ербол Боранбаев, № 9 сайлау округінен Раушан Мұстафина депутат болып сайланды.

Тайынша ауданының мәслихатына 1104 дауыс жинаған Мереке Хамзин халық қалаулысы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz