Республикалық маңыздағы жолдар бақылауда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚОФ су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бүгіндері теріскей арқылы өтетін республикалық маңыздағы жолдарда 16 су өткізгіш құбыр жаңартылып, 13 құбыр күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазавтожол» ҰҚ» СҚОФ мәліметінше, өңір бойынша республикалық маңызы бар автомобиль желісінің ұзындығы 1970 шақырымды құрап отыр.

– Су тасқыны кезеңінде «КАЖсервис» ЖШС СҚОФ-да 124 бірлік техника, 16 автогрейдер, 11 тиегіш, 31 трактор (К-700/525/701, МТЗ-82, БДТ 1223) сақадай сай. Сондай-ақ 225 маман жұмылдырылмақшы. Қазіргі уақытта инертті материалдың 3 мыңнан астамы дайын, — дейді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Усербаев.

Қазіргі уақытта инертті материалды су тасқыны қаупі бар учаскелерге тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, Сергеевка қаласына құм салынған 300 қапшық әзірленіп жеткізілді. Қосымша 500 дана қап дайындалуда.

Ал Токсан би ауылының маңында «Екатеринбург-Алматы» автомобиль жолына инертті материалдың 400 қабы, «Көкшетау-Рузаевка» а/ж – 11 учаскесіне 200 қап дайындалды. Сондай-ақ «Рощинское-Корнеевка-Тимирязево» (Новоузинка ауылының жанында) жолына инертті материалдың 450 текшесі әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz