Олжас Бектенов Қорғаныс министріне ТЖМ-ға көмек көрсетуді тапсырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қорғаныс министрлігіне су тасқынына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Премьер-Министр елдегі су тасқынына байланысты ахуал жайында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов: «Керек болған жағдайда қосымша реурстарды, күштерді жұмылдыруға дайынсыздар ма?» деп сұраған еді. Сауалға жауап берген вице-министр дайын екендіктерін атап өтті.

— Дәл солай. Қазіргі уақытта 11 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр және 4 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Егер қосымша қажет болса, Қорғаныс министрлігінен де көмек сұрайтын боламыз, — деді Бауыржан Сыздықов.

Осы орайда Үкімет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа ТЖМ-ға көмек көрсетуді тапсырды.

— Сізге Төтенше жағдайлар министрлігіне барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырамын. Техникалық көмекпен бірге жеке құраммен де жәрдем көрсетіңіздер, — деді Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz