Прибрежное ауылы су тасқынына дайындалуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жұмыс сапарымен Сенат депутаты Әсем Рахметова жүр. Халық қалаулысы өңірдегі көктемгі су тасқынына қарсы шаралармен танысып, елді мекендерді аралауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сенатор Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылындағы жағдаймен танысып, су тасқынының алдын алу шараларын бақылап көрді.

– 2017 жылы су тасқыны біраз тұрғынды әбігерге салды. Биыл Прибрежное ауылында суға қарсы қойылған бөгетті көрдім. Ұлттық ұлан академиясының курсанттары да өз көмегін көрсетіп, инерттік материалдарды дайындап жатыр. Үйлерінен жырақта жүрген жас жігіттер тұтас ауылдарды қызыл судан сақтауға барын салуда, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Әсем Рахметова.

Сенатор аудан орталығы Бескөл ауылында да болды. Елді мекенде су сорғыштар қосылып, үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Мұнда еріген қар суына қазылған жыралармен ауыл сыртына шығарылып жатқаны да көрінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz