Есіл ауданындағы Ильинка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне сәуірдің 1-і күні сағат 10:11-де Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі. Өртсөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.