Еркін күрестен U-20 санатындағылар арасында жүлделі орын иегерлері анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда күрес түрлерінен ел біріншілігі жалғасуда. Естеріңізге салсақ, жарысқа 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жастағы спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еркін күрестен U-20 санатындағылар арасында 52 килограмда еліміздің түкпір-түкпірінен келген  20 балуан белдесті. Финалда Жамбыл облысының спортшысы Мирас Талғатұлы мен ақмолалық Ярослав Кабашкин күресті. Осы кездесуде жамбылдық спортшы жеңімпаз атанып, алтын медаль тағынса, қарсыласы күмісті еншіледі. Қола жүлде қызылордалық Айбек Қуанышбекұлы мен түркістандық Дәулет Қуанышбекке бұйырды. Өкінішке қарай, жерлесіміз Асыл Ережеповтің жолы болмады.

57 килограмда 36 балуан өз араларында мықтыны анықтады. Бұл салмақта жеңіс Жетісу өңірінің спортшысына бұйырды. Ақтық сында ол маңғыстаулық Нұрлыбек Базарбаевты ұтты. Үшінші орын Алматы облысының намысын қорғаған Алий Максетов пен Абай облысынан келген Аллан Оралбекке бұйырды.  Мұнда да жерлестеріміз жүлдеден құр қалып, солтүстікқазақстан Сабыржан Тұрарбек сегізінші сатыда тұрақтады.

61 килограмда тағы бір жамбылдық балуанның жолы болды. Әбдінұр Нұрланбек алтынды еншілесе, түркістандық Әди Серікұлы күміс медальді қанағат тұтты. Қола жүлде Абай мен Жамбыл облысының спортшыларына бұйырды.

65 килограмм санатында боз кілемге 44 балуан  шықты. Тартысқа толы кездесулерде алдына жан салмай күрескен жетісулық Шаттық Алайдар мен Абай өңірінің спортшылары финалға жетіп, алтын медальді сарапқа салды. Ақтық сында Жетісу облысынан келген азамат жеңіске жетті. Қоланы шымкенттік Сұңқар Сейдахмет пен елордалық Қасымхан Оспантай жеңіп алды.

70 килограмм санатындағы финалда шымкенттік Айқын Болатұлының жолы болды. Ол Түркістан облысының өкілі Қуандық Шалдарды жеңіп, алтынға қол жеткізді. Үшінші орынға Абай мен Алматы облыстарының балуандары табан тіреді.

74 килограмда бірінші орын үшін Алматы қаласынан келген Егор Анчугин мен қарағандылық Асхаб Хаджиев таласты. Бұл кездесуде алматылық спортшы жеңіске жетті. Үшінші орынға жамбылдық және ақтөбелік спортшылар жайғасты.

79 килограмм санатында 30 балуан күресті. Финалда ақмолалық Ерхан Бексұлтанов Алматы облысының өкілі Равшан Сулиевті жеңді. Қола медальдар алматыдық Ерхан Әбіл мен Алматы өңірінің тағы бір  спортшысы Абдальваххаб Құрманалиевке бұйырды.

86 килограмда жеңіс маңғыстаулық Навруз Ахмедхановқа бұйырды. Ол ақтық белдесуде жетісулық Арнат Айтбековты қапы қалдырды. Үшінші орынға Алматы облысы мен солтүстікқазақстандық Фархад Бишанло жайғасты. Бұл жолы жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

92 килограмда Маңғыстау облысының өкілі Камиль Куруглиев жеңіс тұғырына көтерілді. Финалда ол Алматы қаласының спортшысы Самир Дурсуновты ұтты. Кейінгі жүлделі орынды шымкенттік және Шығыс Қазақстан өңірінің балуандары  иеленді.

Ауыр салмақта, яғни 97 килограмда жерлестеріміз тағы жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Жанкүйерлердің күткен кездесулерінің бірі аса ауыр салмақтағы балуандардың жекпе-жегі еді. 19 спортшының ішінен алға суырылған қарағандылық Әлихан Құсайынов пен қызылордалық Ернұр Нұрғали алтын үшін финалда белдесті. 10-0 есебімен шахтерлер астанасының өкілі жеңіс тұғырына көтерілді. Ал ақтөбелік және қостанайлық балуандар қола жүлдені місе тұтты.

Еркін күрестен барлық белдесулер аяқталғанымен грек-рим және әйелдер күресінен бәсекелер жалғасуда. Жарыс жолына U-15 санатындағылар да шығатынын атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz