Петропавлдағы Заречный кенті тасыған Есіл өзенінің суы басуы мүмкін қауіпті аумақтардың бірі. Судың елді мекенге кіруін болдырмау үшін қазір мұндағы бөгет нығайтылып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Петропавлдағы Заречный кентінде 900-ден астам адам тұратын 224 тұрғын үй бар. Есіл өзені қатты тасыған жылдары жайылған су көше мен шеткері үйлерге кіреді. Тасыған судың жолына бірер жыл бұрын бөгет салынды, биыл ол нығайтылып жатыр. Бұл жұмысқа ҚР Ұлттық ұлан 6637 әскери бөлімінің 60 сарбазы мен оннан астам техника жұмылдырылған.
Әскерилер бөгетті нығайту үшін сары балшық пен құмның қоспасы салынған қапшықтарды даярлап жатыр. Бөгеттің ұзындығы 1,5 километр, ал биіктігін 2,5 жарым метрге жеткізбек. Бір аптаның ішінде алты мыңнан астам қап әзірленді.