Петропавлда жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Назарбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ПД мәліметінше, оқиға бүгін Назарбаев көшесінде орын алды. Жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан  30 жастағы әйел мен 6 жасар баланы көлік қағып кетіп, салдарынан ана мен бала медициналық мекемеге жеткізілді.

— «Nissan Cefiro» автокөлігін Петропавлдың 36 жастағы тұрғыны басқарған белгілі. Медициналық куәландыру барысында ер адамның спирттік ішімдік ішпегені расталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz